Тағайындау
1 мин оқу 480

Шортанды ауданына жаңа әкім тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімімен Бауыржан Мәлғаждаров Шортанды ауданының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Бүгін Ақмола облысы әкімі Е.Б.Маржықпаевтың өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімімен мен Ақмола облысы Шортанды ауданының әкімі лауазымына тағайындалдым.

Ауданның барлық бей-жай қарамайтын тұрғындарына жобаларды іске асыруға қолдау көрсеткені, командалық үйлесімді жұмысы және әлеуметтік жауапкершілігі үшін ризашылығымды білдіруге рұқсат етіңіз. Бірлескен күш-жігердің арқасында алдымызда тұрған міндеттерді шешу үшін көп іс тындырдық.

Әріптестеріме жанымда өткізген жемісті жұмыс ынтымақтастығы үшін жеке алғысымды білдіремін», деп жазды Бауыржан Мәлғаждаров желіде.

Бөлісу:
Шортанды ауданына жаңа әкім тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар