Коронавирус
1 мин оқу 220

Қостанайда 300-ге жуық сынып каратинге жабылды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қостанай облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті облыстағы мектеп оқушылары мен студенттер арасында КВИ шалдығу деректері туралы хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

«Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 8 қазанға дейін білім мекемелерінде коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны мынадай: 572 оқушы, офлайн режимінде білім алып жүрген 350 оқушы, ЖОО мен колледжде оқып жүрген 98 студент. Ауруға шалдыққан 222 оқушы немесе 38,8% оқу жылы басталмай тұрып инфекция жұқтырған», деп хабарлады департаменттен.

135 мектепте КВИ шалдығу оқиғалары тіркеліп, 297 сынып карантинге жабылған. 147 сынып әлі карантинде.

Бөлісу:
Қостанайда 300-ге жуық сынып каратинге жабылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар