Сингапурда қоғамдық тәртіпті робот бақылайды
<p style="text-align: justify;">Сингапурда робот-полицей іске қосылды. «Хавьер» есімді құлтемір, қала көшелері мен ғимараттарындағы тәртіптің сақталуын қадағалайды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Инновациялық құралды елдің Ғылым және технология агенттігі жасап шығарған. Төрт дөңгелекпен қозғалатын робот-полицейдің жеті көзі, яғни камерасы бар.
Билік өкілдерінің айтуынша, осындай 2 құлтемір қыркүйек айында жұмысқа кіріскен. Сақшы роботтар «мотоциклді жолға қоймаңыз», «жаяу жүргіншіге жол беріңіз» деген сияқты ескертулерді дауыстап айтып жүреді. Сондай-ақ «Хавьер» рұқсат етілмеген орында темекі шекпеу және арақашықтық сақтау, көп адам жиналмау туралы, коронавирус талаптарының сақталуын да бақылайды.
Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, алдағы уақытта робот-полицейдің саны көбеюі мүмкін.