Аймақтар
1 мин оқу 322

Маңғыстау облысында 2 миллионнан аса гектар жер учаскесі пайдаланылмаған

<p style="text-align: justify;">Биыл Маңғыстауда 2 млн 244 мың 700 гектар жер учаскесі пайдаланылмай жатыр. Бүгінде оның тек 300 мың гектары Qoldau.kz веб-порталы арқылы мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Маңғыстау облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Есемұрат Дүзмағамбетовтың айтуынша, былтыр облыста пайдаланылмай жатқан 2 млн 659 мың 800 жүз гектар жайылым жер анықталған.

- Жер қатынастары саласы бойынша ақпараттар мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер «Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» (АИС ГЗК) Qoldau.kz веб-порталы, www.gosreestr.kz,«Е-лицензия» ақпараттық жүйесі арқылы көпшілікке қол жетімді. Яғни сіз веб портал арқылв пайдаланудағы жер учаскелері туралы толық мәліметпен танысып, бос жатқан жерлерді де көре аласыз. Веб портал спутниктік картамен сәйкестендірілген, - дейді Маңғыстау облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Есемұрат Дүзмағамбетов.

2020-2021 жылдарға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану бойынша 1 050 жер пайдаланушыға веб-портал арқылы хабарлама жолданды. Ал порталдан тыс 2020-2021 жылдар ішінде облыстағы 158 716 гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Мangystaumedia.kz сайтында жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жер пайдаланушылардың өз еркімен орындалатыны жайлы жазылған.

Бөлісу:
Маңғыстау облысында 2 миллионнан аса гектар жер учаскесі пайдаланылмаған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар