Қоқыс тастаған 4 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
<p style="text-align: justify;">Маңғыстау облысында белгіленбеген жерге қоқыс төгу фактісі бойынша 13 құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес, яғни қалалар мен елдi мекендер аумағындағы абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзу, жасыл-желектерді жою және бүлдіру дерегі бойынша 9 әкімшілік хаттама толтырылды.
«Одан бөлек ортақ пайдаланатын орындарды, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастаған 4 адам ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Облыс тұрғындарынан қала көркіне зиян келтіретін құқық бұзушылықтың куәсі болсаңыз, тұрғылықты жер бойынша полиция бөліміне хабарласуды сұраймыз», делінген МО Полиция департаменті парақшасында.