Спорт
1 мин оқу 400

Алмат Кебіспаев әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

<p style="text-align: justify;">Норвегияның Осло қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында грек-рим күресінен Қазақстан командасының капитаны Алмат Кебіспаев жартылай финалға шықты деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҰОК-ке сілтеме жасап.</p>

67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Алмат Кебіспаев ширек финалда кілем қожайыны, 2020 жылғы Еуропа чемпионы Мортен Торесенмен кездескен болатын. 

Тартысты белдесудің бірінші кезеңінде Алмат қарсыласына 0:5 есебімен жол берді. Екінші кезеңде сәтті әдіс жасап, төрттаған кезінде маңызды ұпай иеленіп, 9:6 есебімен жеңіске жетті. 

Жартылай финалда Алмат Кебіспаев ресейлік Назир Абдуллаевпен белдеседі. 

Бөлісу:
Алмат Кебіспаев әлем чемпионатының жартылай финалына шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар