Күрес
1 мин оқу 697
Күрестен әлем чемпионаты: Сұлтан Әсетұлы жұбаныш белдесуінде бақ сынайды
<p style="text-align: justify;">Ослодағы әлем чемпионатында грек-рим күресінен 63 келіге дейінгі салмақта жартылай финалдық кездесу аяқталды деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Olympic.kz-ке сілтеме жасап.</p>
Қазақстандық Сұлтан Әсетұлы жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігін алды. Ол бірінші белдесуде грузиялық Леру Абуладзеден 4:5 есебімен ұтылған болатын.
Жартылай финалда Абуладзе венгриялық қарсыласын жеңіп, әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Осылайша, Сұлтан Әсетұлы жұбаныш белдесуіне қатысады. Сұлтанның қарсыласы - жапониялық Кенсуки Шимизу.
Егер жұбаныш белдесуінде жеңіске жеткен жағдайда, қола медаль үшін күресте венгриялық Эрик Торбаға қарсы шығуы мүмкін.
Бөлісу: