Оқиға
1 мин оқу 330
Шекарашылар 200 келі заңсыз ауланған балық тәркіледі
<p style="text-align: justify;">Қыркүйек айының соңында Шекара қызметі Аташ ауылындағы жеке үйдің бірінде тоңазытқышқа жасырылған 215 келі бекіре тұқымдас балықты тапты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Аталған факт бойынша Түпқараған аудандық полиция бөлімі ҚР ҚК 339-бабының 3-бөлігі «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады және тиісті сараптамаларды тағайындады.
Бөлісу: