Өнер
2 мин оқу 533

Жас жұлдыздар жәрмеңкесі

<p style="text-align: justify;">Бүгінде дәстүрлі түрде өтетін &laquo;Junior Eurovision-2021&raquo; ха&shy;лықаралық байқауына ұлт&shy;тық іріктеу аяқталды. Оза шапқан өрендерді атын білгіңіз келсе, дауыс беріп, қолдауыңыз шарт.</p>

Жас жұлдыздар жәрмеңкесі

Кезінде Ержан Максим, Данэлия Тулешова, Қарақат Башанованың бағын жандырған халықаралық ән додасы жақындап қалды. Байқау биыл 19 желтоқсанда Парижде өтеді.

Басты талап – қатысушылар жасы 9 бен 14 жас аралығында болуы керек. Байрақты бәсекеде еліміздің атынан кімнің бақ сынайтыны бел­гісіз. Ұлттық іріктеуге кез келген қа­зақ­стандық қатыса алады. Бағы мен бабы келіскендерді қазылар алқасы іріктейді. Оқ бойы озып шыққанды Париж сахнасына аттандырады.

Жалпы, «Балалар Еуровиде­ниесі-2021» халықаралық байқауына қа­тысуға 819 өтінім келіп түскен. Енді қазылар алқасы солардың ішінен үздік деген 30 қатысушыны анықтайды.

«Junior Eurovision» – Қазақстанда балалар шығармашылығының халық­аралық деңгейде дамуына шабыт беретін ауқымды жоба. Екіншіден, жас өнерпаздарға қанат бітіретін дүбірлі дода. Елімізде өнерлі бала­лардың көптігі қуантады. Бүгінде жас өнерпаздардың талантын танытуға мүмкіндіктер жетіп жатыр, интернет кеңістігі де дамыған. Соңғы жылдары еліміз «Балалар Еуровидениесінен абыроймен оралып жүріп жүр. Оған Ержан Максим мен Қарақат Ба­шанованың жетістігі дәлел. Биыл да отандық өнерпаз ел намысын тиісті деңгейде қорғайды деген үміттемін», деді қазылар алқасының мүшесі, елімізге танымал өнер қайраткері Қанат Айтбаев.

Ұйымдастырушылардың айтуын­ша, келесі кезеңге өтетін 30 қа­ты­су­шының тізімі jevision.khabar.kz сайтында жарияланады. Және үміт­керлерге онлайн дауыс беру бүгін түнгі 00.00-де басталып, 12 қазанға дейін жалғасады.

Айта кетейік, биылғы 19-шы «Junior Eurovision Song Contest» ба­­ла­лар ән байқауына 19 ел қаты­сады. Олар: Албания, Армения, Әзербайжан, Болгария, Франция, Грузия, Германия, Ирландия, Италия, Қазақстан, Мальта, Нидерланд, Сол­түстік Македония, Польша, Пор­ту­галия, Ресей, Сербия, Испания және Украина.

Бөлісу:
Жас жұлдыздар жәрмеңкесі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар