Қазақстан коронавирус бойынша «сары» аймақта
<p style="text-align: justify;">ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Мәжілістегі Үкімет сағатында сөйлеген сөзінде Қазақстанның қандай өңірлері коронавирус ауруы бойынша әлі де «қызыл» аймақта қалып отырғанын хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық жағдайды болжам мен матрица негізінде бағалайды, оның көмегімен шектеу шараларын күшейту немесе жеңілдету туралы шешімдер қабылданады», деді Алексей Цой.
Министр бүгінде Қазақстан мен 6 өңір (Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай) «сары» аймақта орналасқанын хабарлады.
«Жасыл» аймақта - 6 өңір (Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Шымкент қалалары), 5 өңір (Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары) «қызыл» аймақта қалып отыр.