Қазақстанда коронавирустың қандай штамдары таралуда?
<p style="text-align: justify;">ҚР Денсаулық сақтау министрлігі вирустарға генетикалық зерттеу жүргізуде. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында сөйлеген сөзінде Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Министрлік вирустың мутациялық өзгергіштігін анықтау үшін вирустарға генетикалық зерттеу жүргізіп жатыр», деді Алексей Цой.
2020-2021 жылдары 1407 сынама зерттелгені атап өтілді, нәтижесінде наурыз айында Alpha штаммы - «Британ», Beta штаммы - «Оңтүстік Африка», маусымда Delta штаммы - «Үнді», тамызда Eta штаммы - «Нигерия» анықталды.
«SARS-CoV-2 вирусының әртүрлі нұсқаларының айналымын анықтау және бақылау жұмыстары жалғасуда», деп толықтырды Алексей Цой.