Қазақстан
1 мин оқу 440

Бір аптада 2,9 мыңнан астам қылмыс жасалды

<p style="text-align: justify;">ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз еліміздегі криминогендік жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Бір апта ішінде 2951 қылмыс жасалды, оның 1955-і бір тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 12 кісі өлтіруді, өлімге әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 2 қарақшылықты, 34 тонауды, 441 бөтен мүлікті ұрлауды ашты», деп хабарлады Нұрділдә Ораз ІІМ брифингінде.

ІІМ ресми өкілі хабарлағандай, бір апта бұрын Қазақстанда 2 877 қылмыс жасалған, оның 1 847-сі бір тәулік ішінде ашылған. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 7 кісі өлтіруді, өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 2 қарақшылықты, 35 тонауды, 412 бөтен мүлікті ұрлауды ашты.

Бөлісу:
Бір аптада 2,9 мыңнан астам қылмыс жасалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар