«Буревестник» бірінші орында келеді
<p style="text-align: justify;">Бұл күндері Таиландтың Накхонпатхом қаласында волейболдан ерлер арасындағы Азияның клубтың чемпионаты өтуде, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Айтулы жарыста Қазақстанның атынан сынға түсіп жатқан Алматының «Буревестнигі» бақ сынауда. Алғашқы ойында отандастарымыз Ирактың «Соуз Газ Клубынан» 2:3 есебімен ұтылып қалған еді. Есесіне келесі екі кездесуде біздің жігіттер жеңіске жетіп, өз жанкүйерлерін қуантты. Атап айтсақ, екінші турда жергілікті «Нахон Радчасиманы» ойсырата ұтты – 3:0. Кеше Шри-Ланканың «СЕБ» клубына сан соқтырдық – 3:0. Қазіргі кезде алматылық волейболшылар жарыс кестесінде көш бастап тұр. Топтық турнирдегі соңғы бәсекесін «Буревестник» 12-қазан күні Кувейттің «Камзасына» қарсы өткізеді.
Келесі топта Иранның «Сиржан Фоулад», Катардың «Әл-Араби Спортс Клуб», Филиппиннің «Ребиско», Өзбекстанның «АГМК» және Таиландтың «Даймонд Фуд» клубтары күш сынасуда.