Спорт
1 мин оқу 163

Шымкенттік спортшылар Польшадан жүлделі оралды

<p style="text-align: justify;">2021 жылдың 07-11 қазаны аралығында Польшаның Ломянки қаласында пара-биден халықаралық ашық чемпионат өтті, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Шымкенттік спортшылар Польшадан жүлделі оралды

Бұл сында Шымкент қаласының N19 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған спорт клубының шәкірттері қатысып, жүлделі орынға ие болды. Жарысқа әлемнің 16 елінен 120-дан астам спортшы қатысты.

Айдана Мұқанова мен Ермек Қалымбетов жұптасып билеуден дуо латина және фристайл жаттығуы бойынша екінші орынға ие болды.

Сонымен қатар, Ермек Қалымбетов жекелей фристайл сайысында 2-ші орынды жеңіп алды. Спортшыларды жарысқа дайындаған жаттықтырушы – Дарья Жұмаділлаева.

Айта кетсек, Ермек Қалымбетов әлем чемпионатының үшінші орын иегері. 2016 жылғы Азия чемпионы, 2019 жылы Италияда өткен әлем кубогының қола жүлдегері.

1

Бөлісу:
Шымкенттік спортшылар Польшадан жүлделі оралды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар