Бизнес
1 мин оқу 285

«АрселорМиттал Теміртау» газға ауысады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Ақтөбе РГС&raquo; ЖШС мен &laquo;АрселорМиттал Теміртау&raquo; АҚ компа&shy;ния&shy;ның металлургия ком&shy;би&shy;на&shy;&shy;тына тауарлық газ жет&shy;кізу туралы өзара келі&shy;сім жасасты. Атал&shy;ған ке&shy;лісім Энерге&shy;тика ми&shy;нистрлігі, &laquo;ҚазТрансГаз&raquo; ҰК&raquo; АҚ және &laquo;АрселорМиттал Темір&shy;тау&raquo; АҚ арасында қол қо&shy;&shy;йыл&shy;ған ынтымақ&shy;тас&shy;&shy;тық жөніндегі меморан&shy;&shy;&shy;дум шеңберінде жүзеге асты.</p>

«АрселорМиттал Теміртау» газға ауысады

Газ жеткізу көлемі жылына 300 млн текше метрден 600 млн текше метрді құрайды, өзара келісімнің мерзімі кемі – 15 жыл.

Келісімге қол қою рәсіміне «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Биджу Наир және «Ақтөбе-РГС» ЖШС директоры Нұргүл Кактаева қатысты.

«Металлургия комбинатын табиғи газға ауыстыру секіл­­ді компания қолға алған эко­ло­­гиялық шаралардың басты мақсаты – қоршаған ортаға зиян­ды шығарындылар көлемін азайту және осы арқылы комбинатты батыс еуропалық өнеркәсіптік кәсіпорындар деңгейіне көтеру. Оның «Сарыарқа» магист­раль­дық газ құбырына қосылуы эко­логияға да игі әсерін тигізеді. Айналаны ластайтын негізінен энергетикалық көмір, мазут сын­ды отын түрлері екені бел­гілі. Компания қоршаған ортаға пайдасы көп осындай көптеген жоба­ларды жүзеге асыруды жос­парлап отыр. Мұндай эколо­гиялық іс-шаралар зиянды қалдық­тар көлемін төмендетуге мүмкіндік береді», деп атап өтті «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Б.Наир.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Қазақстан Үкіметі мен «АрселорМиттал Теміртау» өзара түсі­ніс­тік туралы меморан­дум­ға қол қойды. Құжатта көр­се­тіл­ген шарттар бойынша «АрселорМиттал Теміртау» АҚ зиян­ды шығарындылар мәселе­лерін шешумен қатар, өндірісті жаңғыртуға бағытталған инвес­тициялар қатарын арттыруға мүдделі. Инвестициялық келісім­шарт шеңберіндегі жиын­тық көлем алдағы он жыл ішінде кемін­де 3 млрд долларды құрай­ды. Бұл соманың басым бөлігі келісімнің алғашқы бес жылында инвестицияланбақ.

Бөлісу:
«АрселорМиттал Теміртау» газға ауысады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар