Коронавирус
3 мин оқу 126

Алматыда індетпен күресу тәсілі өзгереді

<p style="text-align: justify;">Елімізде індетке шалдыққан алғашқы адам Алматыдан анықталғалы бері шаһардың эпидемиялық ахуалы талай өзгергенімен, жаһандық індеттен толық арылған жоқ және әлі де қызыл аймақта қалып отыр. Сондықтан жағдайға бейімделу үшін, КВИ-ға қарсы іс-қимылдың тиімді моделі құрылып, денсаулық сақтау саласындағы тәсілдер толығымен қайта қаралды.</p>

Алматыда індетпен күресу тәсілі өзгереді

Қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров шаһарда жедел жәрдемнің ауруханаға жат­қызу рөлі өзгеретінін, дерт­тің ауырлығы мен эпидемия қар­қынына байланысты инфек­ция­лық стационарлардың жұ­мы­сы үш эшелонға бөлінетінін жет­кізді.

«Алматыда БСМК жұмысы қайта жасақталды, онда 364 мо­бильді бригада құрылып, учас­келік дәрігерлердің әлеуеті кү­шей­тілді, емханаларға қо­сымша 70 машина берілді. Былтыр құ­рыл­ған Телемедицина орта­лы­ғы арқылы пациенттерді үйде емдеуге бақылау жасалды», деді Е.Бабақұмаров.

Алматыда өлім-жітіммен кү­ресу үшін қаланың штаттан тыс бас реаниматологы бастаған бірыңғай реанимациялық топ жұмыс істейді және ол қаланың барлық реанимацияларының жұ­мысына жетекшілік етеді. Бұдан өзге, қалада тәуліктік қуа­ты 16 мың зерттеуге дейін­гі 28 ПТР-зертхананың орталық­тан­дырылған желісі (және 27 мыңға дейін ұлғайту мүмкіндігі бар), 14 ИФТ-зертхана жұмыс істейді. Сондай-ақ Алматыда 28 КТ-орталықтан тұратын жал­пы­қалалық желі құрылды. Сондай-ақ қаржы дәрілік зат­тар мен ЖҚҚ резервін құруға, жап­пай вакциналауды ұйым­дас­тыруға тартыла­тын ма­ман­дар­дың еңбека­қы­сын тө­леуге, медицина қызмет­кер­леріне үс­те­ме­ақы төлеуге, Анес­те­зио­­ло­гия және реаниматоло­гия ор­та­лығының жұмыс істе­уі­не ба­ғытталған.

Алматыда КВИ-дің тәуліктік өсімі 25 тамыздан бастап 1,16-дан 0,2%-ға дейін төмендеді. Жалпы, індет жұқтыру шамамен 74%-ға төмендеді. Жыл басынан бері қалада 152 мыңнан астам адам індет жұқтырса, 19 шілде мен 6 қазанға дейін 85 мың жағ­дай тіркелген.

«2020 жылдың жазында және 2021 жылдың басында «Ухань» штамы ушықтырған екі толқыннан өттік. 2021 жыл­дың көктемінде – «Альфа» шта­мынан өттік. Биыл 19 шіл­де­де «Дельта» штамының сал­дарынан індеттің ең ауыр толқыны басталды. Бү­гін­де бұл жағдайдан да шық­тық», дейді Е.Бабақұмаров.

Егер 29 шілде мен 25 тамыз аралығында Алматы тәулігіне 1500-1600 адамның індетке шалдыққаны анықталса, 26 тамыздан бері эпидемиялық ахуалдың беті бері қарады. Са­лыс­тырмалы талдау көрсет­кен­дей, бірінші толқын кезінде Ал­матыда тәулігіне жұқтыр­ған­дар саны 250 болса, екінші және үшінші толқында шамамен 400-700 аралығында тербеліп, «Дельта» штамын да тәулігіне жұқтырғандар саны 1600, тіпті одан да көп болды. «Дельтаның» шарықтау шегінде жедел жәрдемге жүгіну екі есеге, яғни 4 мыңға дейін өсті, оның 45%-ы КВИ және ковидті этио­логияның пневмониясымен байланысты болды.

Пандемияның төртінші тол­қыны стационарларға жатуға мәжбүр болған науқастар санын 5 есеге дейін көбейтті. Егер бірінші толқында ауруханаға жатқызу тәулігіне 250 адамға дейін, екінші және үшінші толқын кезінде – 400-450-ге дейін болса, төртінші толқын ке­зінде ауруханаға жатқызу деңгейі екі есе жоғары болды және тәулігіне 800 пациентке жет­ті.

«Жалпы, денсаулық сақтау жүйесі мұндай салмаққа төтеп берді, дәрі-дәрмектер мен ЖҚҚ қоры жеткілікті қамтамасыз еті­ліп, іркілістер болған жоқ», дейді қала әкімінің орынбасары.

Алматыда індеттің төртінші шарықтау шегіне жеткенде 10 мыңға жуық инфекциялық төсектік орын дайындалса, оның 9 мыңға жуығы толды, «Дельта» толқынының шарықтау шегінде оның жүктемесі 70%-ға дейін болды. Бүгінде инфекциялық ста­ционарларда 3 179 төсектік орын бар, оның 41% пайызы бос емес.

«КВИ-дің шарықтау шегінде реа­нимациялық төсектік орын­дар­ды 730-ға дейін арт­тыр­дық. Осы кезеңде оның жүктемесі 70%-ға жетті. Инфекциялық стационарлардың жансақтау бөлімшелеріне тамыз айында 2030 пациент түсті. Алматының реанимациялық бөлімшелеріне басқа қалалардан түскен па­циент­тер саны 33% болды», дейді Е.Бабақұмаров.

«Қазір біз ахуалдың тұрақ­та­л­ғанын көріп отырмыз. Қыр­күйек айында реани­ма­ция­лық науқастар арасындағы өлім-жітім тамызға қарағанда 18%-ға төмендеді. Бірақ ауыр нау­қас­тар­дың саны кемімей жатыр. Бұл пациенттердің РИТБ-де ұзақ – 1 айдан астам болуына байланыс­ты», деді Е.Бабақұмаров.

Дерттің шарықтау шегінде үй стационарында 15 мыңға жуық адам болды, бүгінде олар­дың саны – 3 500.

«Пандемияға қарамастан, 9 қалалық және 39 жеке стацио­нар­ды, сондай-ақ 13 респуб­ли­­калық ұйымды пайдалана оты­рып, тұрғындарға толық кө­­лемде жоспарлы көмек көрсе­ту­ге тырыстық. Қазір көпсалалы кли­никалар бұрынғы жұмыс режіміне қайта оралды», дейді қала әкімінің орынбасары.

Бөлісу:
Алматыда індетпен күресу тәсілі өзгереді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар