Спорт
1 мин оқу 171

«Буревестник» турнир кестесінде көш бастап тұр

<p style="text-align: justify;">Таиландтың Накхон&shy;пат&shy;хом қаласында волейболдан ерлер ара&shy;сындағы Азияның клубтық чемпио&shy;наты өтуде. &ldquo;Буревестник&rdquo; клубы Азия турнирінде алғашқы ойыннан кейін көшбасшы болып отыр. Әрі қарайғы матчтарда жеңіске ұмтылуда.&nbsp;</p>

«Буревестник» турнир кестесінде көш бастап тұр

Аталған жарыста Қазақстанның атынан Алматының «Буревестнигі» бақ сынауда. Алғашқы ойында отандастарымыз Ирактың «Соуз Газ Клубынан» 2:3 есебімен ұтылып қал­ған еді. Есесіне келесі екі кездесуде же­ңіске жетіп, өз жанкүйерлерін қуантты. Атап айтсақ, екінші турда жергілікті «Нахон Радчасиманы» ойсырата ұтты – 3:0. Кеше Шри-Ланканың «СЕБ» клубын сан соқтырды – 3:0. Қазіргі кезде алматылық волейболшылар жарыс кестесінде көш бастап тұр. Топтық турнирдегі соңғы бәсекесін «Буревестник» 12 қазан күні Кувейттің «Камзасымен» өткізеді.

Келесі топта Иранның «Сиржан Фоулад», Катардың «Әл-Араби Спортс Клуб», Филип­пиннің «Ребиско», Өзбекстанның «АГМК» және Таиландтың «Даймонд Фуд» клубтары күш сынасуда.

Бөлісу:
«Буревестник» турнир кестесінде көш бастап тұр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар