Ауа райы
2 мин оқу 360

12 қазанға арналған ауа райы болжамы

<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 12 қазанға&nbsp;арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сейсенбі күні антициклон республиканың батыс жартысына әсерін сақтайды, сондықтан күн ашық болады.

Шығыста өңірдің біршама бөлігінде қар, жаңбыр жаууы ықтимал. Ал еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстігінде жел күшейеді, оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады, солтүстігінде, шығысында, оңтүстік жартысында және орталығында тұман түсіп, солтүстігінде – көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың солтүстігінде, батысында – көктайғақ, жаяу бұрқасын.

Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстік-шығысында тұман түседі, көктайғақ, таңертең және күндіз солтүстігінде желдің күшеюі 15-20 м/с дейін күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының солтүстігінде және батысында тұман түседі, облыстардың шығысында және оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында, Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында, Атырау облысының оңтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, шаңды дауыл соғуы мүмкін. Жамбыл облысының шығысында және таулы аудандарында тұман күтіледі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының солтүстігінде тұман, шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында жел 15-20 м/с күтіледі. Түнде Қостанай облысының солтүстік-шығысында тұман түседі, Павлодар облысының түнде оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде көктайғақ болады.

Бөлісу:
12 қазанға арналған ауа райы болжамы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар