Әлем
1 мин оқу 351

Бостон марафонында алты қазақстандық жүгірді

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның алты азаматы аңызға айналған, әлемдегі ең көне, ең беделді марафондардың бірі саналатын Бостон марафонында жүгірді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

125-ші Бостон марафоны 11 қазанда өтті. Оған 20 мыңға жуық адам қатысты.

42 шақырым 195 метр қашықтықты бағындырған қазақстандықтар арасында «Алматы марафонының» директоры Салтанат Қазыбаева, Қазақстанның АҚШ-тағы вице-консулы Ерлан Өтегенов, Асқар Есеркенов, Әлия Айтқазина, Данияр Өтеулин мен Бағдат Ахметов бар.

п

Бостон марафонына сертификатталған марафондардан іріктеуден өту арқылы (әр жас санаты бойынша іріктеу уақыты бар) немесе қайырымдылық арқылы (қайырымдылық 7-9 мың доллардан басталады) қатысуға болады.

Бостон марафоны дәстүрлі түрде сәуір айының үшінші дүйсенбісінде мемлекеттік мереке - Патриоттар күнінде өтеді. 2020 жылы пандемияға байланысты тоқтатылып, биыл қазан айына ауыстырылды.  

Бөлісу:
Бостон марафонында алты қазақстандық жүгірді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар