Қазақстан
1 мин оқу 181
Жыл басынан бері 10,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
<p style="text-align: justify;">Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин құрылыс индустриясында өсу барын айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Құрылыстың өсу қарқыны 9,7 пайыз деңгейінде. 9 айда елде 10,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 пайызға көп.
Инвестициялардың қалыпқа келуі белсенді түрде жалғасып, 2 пайыз болды. Ал тау-кен өндірісін есептемегенде – 15,1 пайызды құрап отыр.
Негізгі капиталға инвестициялардың жоғары көрсеткіштері құрылыста, өңдеу өнеркәсібінде, саудада, ауыл шаруашылығында, жылжымайтын мүлік операцияларында, қаржы қызметінде, ақпарат пен байланыста байқалды», деді Асқар Мамин.
Бөлісу: