Үкімет
1 мин оқу 123

Баспанамен қамтамасыз етуде жоғары көрсеткішке жеткен өңірлер қайсы?

<p style="text-align: justify;">ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша жоғары көрсеткішке жеткен өңірлерді атады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша жалпы алғанда оң динамика сақталуда. Есепті кезеңде 10,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Көрсеткіштің өсуі 8%-ды құрады. Оң динамика 14 өңір бойынша тіркелді, олардың арасында ең жоғарғы көрсеткіш Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалуда», деген Әсет Ерғалиев ауыл шаруашылығында жақсы нәтиже көрсеткен өңірлерге тоқталды.

«Ауыл шаруашылығында өсім 1,4%-ды құрады. Саладағы өндірістің оң өсуі 14 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсуді Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары көрсетті», деді министр.

Бөлісу:
Баспанамен қамтамасыз етуде жоғары көрсеткішке жеткен өңірлер қайсы? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар