Аймақтар
1 мин оқу 490

Түркістан облысында тәрбиеші бес жасар баланы жертөлеге қамап қойған

<p style="text-align: justify;">Сарыағаш ауданы Құркелес ауылындағы балабақшада тәрбиеші 5 жасар баланы жертөлеге қамап қойған. &laquo;Ақкөгершін&raquo; балабақшасындағы жағдайды облыстық полиция департаментінің қызметкерлері&nbsp;әлеуметтік желіге&nbsp;мониторинг жүргізу барысында анықтағаны белгілі болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен әлеуметтік желіге тараған «Сарыағаш ауданында ата-ана баланы балабақшаға жертөлеге яғни подвалға қамау үшін бере ме?» деп жарияланған пост анықталды. Бұл жазба бойынша Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің полицейлері мен ауданның прокуратура қызметкерлері бірден оқиға орнына шықты. Болған жайт анықталып, Сарыағаш АПБ-де тіркеуге алынды», деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, аудан сақшылары балабақша қызметкерлерінен және кәмелет жасына толмаған баланың ата-анасынан жауап алып, қазір осы жайт бойынша тиісті шаралар атқарылуда.

Бөлісу:
Түркістан облысында тәрбиеші бес жасар баланы жертөлеге қамап қойған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар