Аймақтар
1 мин оқу 240

Мұрат Әйтенов магистралды су құбырының құрылысын аралады

<p style="text-align: justify;">Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов &laquo;Көмешбұлақ&raquo; су жинақтаушысынан &laquo;Тұран&raquo; шағынауданы айналма жолына дейінгі үш магистралды су құбырының құрылыс алаңына барды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Су жинақтаушысынан бастап айналма жолға дейін ұзындығы 4,48 шақырым болатын су тартқышының екі желісін салу жұмыстары жүргізілуде. Бас мердігер – «Сарыағаш-Аман» ЖШС. Құрылыс жұмыстары 2020 жылдың мамыр айында басталған. Мердігер мекеме құрылысты биыл қараша айында аяқтауды жоспарлап отыр. 

з

Су құбырларының ұзындығы – 11,3 шақырым. Бүгінге дейін 10,1 шақырым құбыр жұмыстары аяқталды. 

л

Қала әкімі жауапты мердігерлерге жұмысты сапалы әрі тиісті мерзімде аяқтауды тапсырды. 

щд

Жалпы қалада 3 магистралды су құбырының құрылысы жүргізіліп отыр. Бұл нысандар пайдалануға берілгенде Асар-2, Шымсити, Тұран, Достық, Солтүстік саяжай, Ынтымақ, Ынтымақ-2, Батыс, Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Жаңа Тұрлан, Тәуелсіздікке 20 жыл, Көкбұлақ тұрғын алаптарындағы 250 мыңға жуық халық үздіксіз сапалы ауыз сумен қамтылады.

Бөлісу:
Мұрат Әйтенов магистралды су құбырының құрылысын аралады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар