Футбол
1 мин оқу 340

Футболдан ӘЧ: Қазақстан құрамасы Финляндиямен кездеседі

<p style="text-align: justify;">Бүгін, 12 қазанда футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы кезекті ойынын елордада Финляндияға қарсы өткізеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ойын елорда уақытымен 20:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетсек, бұған дейін екі құрама бір мәрте шеберлік байқасты. Биыл әлем чемпионаты іріктеу сатысындағы алғашқы ойында қазақстандық футболшылар аталған қарсыласына 0:1 есебімен есе жіберді. Финляндия бұған дейін әлем чемпионаты финалдық сатысында бақ сынап көрген емес.

Ал 2020 жылғы Еуропа чемпионатында В тобында Бельгия, Дания және Ресеймен шеберлік байқасып, үшінші орын алды.

Қазақстандық құрама іріктеу сатысында D тобында сынға түседі. Қарсыластары - Франция, Украина, Босния және Герцоговина, Финляндия. Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан елордада Босния және Герцоговинаға 0:2 есебімен есе жіберді.

Бөлісу:
Футболдан ӘЧ: Қазақстан құрамасы Финляндиямен кездеседі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар