СҚО-да үш көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Солтүстік Қазақстан облысында жүк көлігі, ГАЗель және жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан бір адам мерт болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
СҚО полиция департаменті Қызылжар аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 10.30 шамасында «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автожолының Бескөл ауылы маңындағы көпірге көтерілетін жерде болған.
«ВАЗ-2112», «ГАЗ 3507» және «ГАЗель» көліктері соқтығысып, салдарынан «ВАЗ-2112» көлігінің 46 жастағы жолаушысы мерт болды.
«Жол-көлік оқиғасы ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Барлық зардап шеккендер медицина ұйымдарына жеткізілді», делінген хабарламада.
Оқиға орнына Қызылжар ауданының жедел-тергеу тобы шықты. Тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеу барысында жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтайтын болады. Қажетті сараптамалар тағайындалды.