Ауа райы
1 мин оқу 690
Ауа райына байланысты үш өңірге ескерту жарияланды
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қызылорда, Маңғыстау және Атырау облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне қарағанда, 13 қазанда Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, оның күші 15-20, екпіні 23 м/с-ке жетеді.
13 қазан күні Маңғыстау облысының батысында, орталығында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады.
Атырау облысының батысында, орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, облыстың батысында, орталығында екпіні 17-22 м/с-ке жетеді.
Бөлісу: