Спорт
1 мин оқу 215

Әлем кубогы басталады

<p class="2018-" style="text-align: justify;"><span style="letter-spacing: -.2pt;">21-24 қазан күндері Қытайдың бас ша&shy;һары Бейжіңде шорт-тректен Әлем кубо&shy;гының кезеңдік сайысы өтеді. </span></p>

Әлем кубогы басталады

Күні кеше ғана Қазақстан ұлттық құрама командасының бапкерлері Қытайда қандай құрамда өнер көрсететіндерін жария етті. Ерлер арасында Денис Никиша, Абзал Әж­ғалиев, Әділ Ғалиахметов, Нұртілек Қа­жығали, Еркебұлан Шамұханов және Мер­саид Жақсыбаев сынды шорт-трекшілер са­йысқа түседі. Әйелдер сайысында Әлия Әмір­ғалиева, Әсел Тайшыманова, Яна Хан, Оль­га Тихонова, Алена Волковицкая және Мә­­­дина Жан­босыноваға сенім артылып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жыл­дың соңына дейін Әлем кубогы санатына енетін тағы төрт кезеңдік сайыстар өтеді. Бұл бәсекелерді Жапонияның Нагоя (28-30 қазан), Мажарстанның Дебрецен (18-21 қараша) және Нидерландтың Дордрехт (25-28 қараша) қалалары қабылдайды.

Бөлісу:
Әлем кубогы басталады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар