Ауа райы
1 мин оқу 420

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК 14-16 қазан күндері аралығына ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

«Осы күндері ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек 16 қазанда Солтүстік-Батыс циклон жырасының ықпалымен, күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаңбыр жауады. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде желдің күшеюі күтіледі, шаңды дауыл сақталады. Күндіз елдің батысында, солтүстік-батысында 15...23 градус жылы болады.

Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында – 7...15 градус жылы, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 12....21 градус жылы болатыны болжанады», делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар