Өнер
1 мин оқу 851

Елордадағы жас көрермен театры екінші маусымын ашты

<p style="text-align: justify;">Елордадағы музыкалық жас көрермен театры II театр маусымының шымылдығын түреді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Елорда төрінде 2020 жылы тұсауы кесілген Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Музыкалық жас көрермен театры» ұжымы  өнер бәйгесіне жаңадан қосылған жас театр.

Театр алғашқы шымылдығын қазақтың ұлы ақыны Абай  Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында М.Әуезовтың «Абай-Тоғжан» музыкалық-драмасымен (инсценировка авторы Мирас Әбіл) ашқан болатын. Жаңа маусымда да театр ұжымы сүйікті көрермендеріне дайындаған тың туындылары жетерлік. Театр ұжымы өз көрерменімен сағына қауышатындығын қуана хабарлаймыз!

Нұр-Сұлтан қалалық «Музыкалық жас көрермен театры» жаңа II театр маусымын 15-16 қазан күндері сағат 18:00-де М.Әуезовтың «Абай-Тоғжан» музыкалық-драмасымен ашпақ.  Қазақ елінің ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбайұлының бозаң қырда өткен балалық шағымен кіршіксіз махаббаты, сезімге толы өлең жырлары көрерменді бей-жай қалдырмайтыны анық.

Бөлісу:
Елордадағы жас көрермен театры екінші маусымын ашты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар