Спорт
1 мин оқу 302

Футзалдан Қазақстан кубогына талас қызу жүріп жатыр

<p style="text-align: justify;">Астанада футзалдан тоғыз отандық команданың қатысуымен ел кубогының ойындары жалғасуда,&nbsp;деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Футзалдан Қазақстан кубогына талас қызу жүріп жатыр

Кезекті ойын күнінен кейін көкшетаулық «Оқжетпес» қана плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды. Қалған 8 ұжым жартылай финалға жолдама ала алады.

Қазіргі уақытта екі топта да жағдай шиеленіскен.

«Қайрат» «Аятпен» тең түскеннен кейін, 13 қазанда турнирдің аутсайдері «Оқжетпесті» 4:1 есебімен жеңді. Ол «Рахмет» командасымен бірге 7 ұпаймен «А» тобында озып тұр. Олардан кейін «Атырау» мен «Аят» командалары, екеуінің қанжығасында да 4 ұпайдан бар.

Қызықтың көкесі «В» тобында, онда барлық 4 команданың қанжығасында үш ұпай бар. Жартылай финалдың екі жолдамасы үшін «Бәйтерек», «Каспий», «Нұр-Сұлтан» және «Ақтөбе» командалары таласады.

Бөлісу:
Футзалдан Қазақстан кубогына талас қызу жүріп жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар