Қоғам
1 мин оқу 180
Елордадан Пхукет пен Санкт-Петербургке әуе қатынасы жанданады
<p style="text-align: justify;">31 қазаннан бастап елорда Пхукет пен Санкт-Петербургке әуе кеңістігін қайта ашады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Тұрақты рейстерді отандық әуе компания жүзеге асырмақ. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан – Пхукет бағытына бейсенбі және жексенбі күндері, ал Санкт-Петербург бағытына сенбі күндері рейс орындалады. Сонымен қатар Ыстамбұлға қатынайтын әуе рейстерінің саны аптасына 3 рет ұлғайды. Ал 1 қарашадан бастап ұшақтар Нұр-Сұлтан - Дубай бағыты бойынша күн сайын қатынайтын болады.
Еске сала кетерлігі, бұған дейін пандемия салдарынан халықаралық әуе рейстер саны қысқартылған болатын.
Бөлісу: