Аймақтар
2 мин оқу 810

Ахаң музейі қала қамқорлығына алынды

<p style="text-align: justify;">Алаштың аяулы перзенті Ахмет Байтұрсынұлының тұрған музей-үйі әлі күн&shy;ге мемлекет қара&shy;ма&shy;ғына өтпегені, тұрақты қар&shy;жыландыру көзі болма&shy;ғасын тарихи нысанның жағдайы мүшкіл екендігі бұған дейін сан мәрте айтылып-жазылған бола&shy;тын. Тұғырлы тұлға&shy;ның 150 жылдық мерейтойы қарсаңында жұрт&shy;шы&shy;лықты алаңдатқан жайдың түйіні тарқап, музей қала қамқорлығына өтті.</p>

Ахаң музейі қала қамқорлығына алынды

1988 жылы Ахаң есімі ақтал­ғаннан кейін Алматыда қайраткер тұрған үйлер іздес­тіріле бастады. Сол тұста бұл орындарды Шолп­ан Ах­мет­қызы, Гүлнар Мір­­жақып­қызы, Данабике Қа­ралдиналар анық­тап берген. Ахмет Бай­тұр­сын­ұлы тұрды деген үш үй та­былғанымен, оның екеуінің орнына жаңа құрылыс нысандары салынып кеткен. Ал бұл үйде Ахмет Байтұрсынұлы 1934-1937 жылдар аралығында қызы Шолпанның қолында тұр­ған. Ахаңның көзіндей бол­ған жәдігер қайраткердің өз аты­мен аталатын көшеде орна­ласқан.

 Ақжолтай жаңалықты қала әкімі Бақытжан Сағынтаев хабарлап, мұражай-үйді қоғамдық қордан коммуналдық меншікке беру туралы қаулыны музейге табыстады.

«Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінің кешеге дейін ше­­шіл­меген мәселелері көп бол­ды. 1995 жылы А.Байтұр­сын­­ұлы атындағы қоғамдық қор­дың қарамағына берілген мұра­жайдың ғылыми-мәдени дамуында көп мүмкіншіліктер бол­мағанын жасыра алмаймыз. Қоғамдық қордың нысанды ұс­тап отыратындай қауқары жоқ еді. Сол себепті де қайраткердің ұлт үшін жасаған қызметтерін негіз ете отырып, арымен қызмет еткен тұлғаның мем­лекеттік қайраткер екенін ескерсек, бұл кісінің артында қалған тағы­лым мектебі жекеменшікке берілуі өрескел қате еді. Осы қатені түзеу үшін 2002 жылдан бері БАҚ-бетінде мәселе көте­ріліп келді. Ахаң мұрасына алаңдаған зиялы қауым да бұл жайға үн қосты. Арада 19 жыл өткеннен кейін талап ескеріліп, сол қаулы қолымызға тиіп отыр», дейді Ахмет Байтұрсынұлы мұра­жай-үйінің директоры Райхан Имаханбет.

Келер жылы көрнекті ағарту­шының туғанына 150 жыл толады. Мерейтойға дайындық барысында қоғам қайраткері тұрған мұражай-үйдің айрықша қамқорлыққа алын­ғаны қуа­ныш­ты жайт. ХХ ға­сыр­дың басында салынған мұ­ражай ғимараты республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізі­міне енгізілген. Ғимараттың жалпы ауданы – 160 ш. м. Мұражай 1993 жылы құ­рылды және 1998 жы­лы ресми түрде ашылды. Мұнда А.Байтұрсынұлының өмірі мен шы­­ғар­­машылығына қатысты 500-ге жу­ық құнды материал сақ­тал­­ған.

Бөлісу:
Ахаң музейі қала қамқорлығына алынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар