Өнер
1 мин оқу 340

Әмина – Италия сахнасында

<p style="text-align: justify;">Алматылық өнерпаз Әмина Арыстанбек Италияда өтетін дәстүрлі халықаралық фестивальге жолдама алды. Sanremo Junior-2021 байқауының финалына өткен 10 жастағы қыз Армения, Украина, Ресей, Ита&shy;лия, Мальта және Израил&shy;ден қатысатын жас талант&shy;тар&shy;мен бірге бақ сынайды. Айта ке&shy;тейік, фестиваль 11-14 қазан ара&shy;лығында өтеді.</p>

Әмина – Италия сахнасында

Әмина Арыстанбек әйгілі ARISTON концерт залында Fairytail әнімен өнер көрсетеді. Еске салсақ, дәл осы залда Адриано Челентано, Тото Кутуньо, Эрос Ра­мазотти, Рикардо Фольи, Матиа Ба­зар, Альбано және Рамина Пауер, Анна Герман сияқты италиян эстра­да­сының жұлдыздары өнер жолын бастаған еді.

«Қазақстандық жас өнерпаз әлемдік танымал туындыларды скрип­када шебер орындайды және вокал бойынша түрлі өнер сайыс­тарында жеңімпаз атанған. Ол сах­налық қойылым және хореография­дан да сабақ алады. Maxincubato өнер орталығының тәрбиеленушісі осы күнге дейін 8 халықаралық бай­қауда жеңімпаз атанған. Ол SanRemo Junior фестиваліне тыңғы­лықты дайындалды», дейді оның оқытушысы Лейла Болатбек.

San-Remo Junior байқауы – БҰҰ UNICEF қаржыландыратын Италиядағы айтулы халықаралық өнер сайысы. Бұл байқауға жолдама алу үшін әлемнің жүздеген елінен үміткерлер сайысқа түседі. Биыл эпиде­миялық жағдайға байланысты іріктеу турлары онлайн форматта өткен. Қазақстандағы іріктеу іс-шараларының қорытындысы бойынша Sanremo Junior (Italy) фестивалінің дирекциясы мен MIF (Management International Festivals) сарапшылар комиссиясы Әмина Арыстанбекті таңдап алған.

Бөлісу:
Әмина – Италия сахнасында · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар