Аймақтар
1 мин оқу 251

Екібастұзда ірі көлемде есірткі сатып алған әйел сотталды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Екібастұзда сегіз келіден астам есірткі сатып алған әйел үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Осы жылдың наурыз айында Екібастұз қаласының полицейлеріне жергілікті тұрғындардың бірі есірткі заттарын алуға бара жатқаны туралы жедел ақпарат түсті. Сондай-ақ полицейлерге қала тұрғыны қайда кеткенін хабарлады.

«Қажетті іс-шараларды жүргізу барысында Екібастұз қаласындағы Марғұлан көшесінің көлік жүретін бөлігінде жедел уәкілдер аталған әйел отырған Mazda маркалы автокөлікті анықтап, ұстады. Жеке тінту жүргізу кезінде онда жалпы салмағы 8 896 грамм болатын «кептірілген марихуана» бар полиэтилен пакеті табылып, тәркіленді, бұл өте үлкен мөлшерге жатады. Осы факті бойынша ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу Екібастұз қаласы Полиция басқармасының тәжірибелі тергеушісі Данияр Дәуітбековке тапсырылды», деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігіне сәйкес, сотпен есірткі заттарын заңсыз сатып алғаны және сақтағаны үшін қала тұрғыны үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, биыл Павлодар облысының полицейлері 106 есірткі қылмысын анықтады.

Бөлісу:
Екібастұзда ірі көлемде есірткі сатып алған әйел сотталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар