Әлем
1 мин оқу 200
Тұрғын үйдегі өрттен қаза тапқандар саны 46-ға жетті
<p style="text-align: justify;">Тайваньның оңтүстігіндегі Гаосюн қаласындағы 13 қабатты тұрғын үйден шыққан өрттен 46 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қалалық өрт сөндіру бөлімінің хабарлауынша, өрт бейсенбіде жергілікті уақыт бойынша 02:54 -те шыққан. Өрт тек таңертең жергілікті уақыт бойынша 07:17-де сөндірілді.
Өрт сөндірушілер ғимаратқа кірген кезде 9 адамның денесін тапты. Бірнеше сағаттан кейін тағы 37 адамның мәйіті табылды. Ондаған тұрғын ауруханаға жатқызылды, кейбірінің жағдайы ауыр.
Билік 7-11 қабаттарда әлі де адамдар болуы мүмкін екенін айтты және осыған байланысты құрбандар саны артуы мүмкін екенін ескертті.
Бөлісу: