Өнер
1 мин оқу 442

Қолөнершілерге жасалған қолдау

<p style="text-align: justify;">Жайық өзенінің жаға&shy;лауында атыраулық қол&shy;өнер шеберлері мен дизайнерлер үшін арнайы аллея ашылды. Онда әр аптаның соңында &laquo;Ұлттық қолөнер &ndash; тәрбие көзі&raquo; атты көрме-жәрмеңкесі өтеді. Оған облыстық &laquo;Іс&shy;кер әйелдер&raquo; кеңесі мен Аты&shy;рау қалалық әкімдігі қол&shy;дау көрсетіп отыр.</p>

Қолөнершілерге жасалған қолдау

– Көрме-жәрмеңкенің басты мақсаты – кәсіпкерлерді қолдау, олардың өнімін өткізуіне жағдай жасау. Сондай-ақ ерекше нақыштағы ұлттық қолөнер туындылары арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін, тарихын, мәдениетін кеңінен дәріптеу, – дейді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Самат Емберген.

Жас дизайнер Әлбина Сиғуатованың айтуынша, бұл – жас кәсіпкерлерге отандық өнім­дерін ұсынуға арналған  тиімді жоба. Мұн­да ұсы­нылатын әр өнімнің сапасы жо­ғары, ба­ғасы тұтынушыға қолжетімді болмақ.

Бөлісу:
Қолөнершілерге жасалған қолдау · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар