Спорт
1 мин оқу 470

Франция Президенті Макрон футболшы атанды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Франция президенті Эммануэль Макрон қайырымдылық матчында ойнап, футбол алаңына шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

«43 жастағы француз саясаткері жартылай қорғаушы позициясында ойнап, пенальтиден гол соқты», деп хабарлайды қайырымдылық турнирінің баспасөз қызметі.

Макронның командасы Пуасси ауруханасының қызметкерлеріне қарсы ойнап, дәрігерлерді 6:1 есебімен жеңді. Матч Париж және Франция ауруханаларының қорына қаражат жинау мақсатында өткізілді.

Қайырымдылық матчына француз футболының бұрынғы жұлдыздары қатысты. Олардың қатарында Марсель Десайи, Роберто Пирес, Ален Жиресс, Кристиан Карамбе, Руди Гарсиа, Сидней Гову, Мэтью Бодмер, сондай-ақ «Арсеналдың» бұрынғы бапкері Арсен Венгер бар.

Бөлісу:
Франция Президенті Макрон футболшы атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар