Аймақтар
1 мин оқу 235

Алматыда қылмыс азайды

<p style="text-align: justify;">Қалалық полиция Департаментінің бастығы Қанат Таймерденов онлайн форматта өткен журналистермен дәстүрлі кездесуде шаһардағы қылмыстық ахуал туралы ақпарат берді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Жалпы, жағдай тұрақты және бақылауда. Осы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша қылмыс деңгейі 5,4%-ға төмендеді. Бұл ретте, жалпы қылмыстың ашылу көрсеткіші барлық бағыттар бойынша 2,9%-ға, ал, ауыр және аса ауыр 1,3%-ға жақсарды. Көшеде жасалған құқық бұзушылық саны - 3,9 есеге және қоғамдық орындарда - 3,2 есеге азайды. Сонымен қатар, жарақат алған адамдардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының 2,8%-ға өскенін атап өткен жөн. Өсуге өткен жылы толық локдаунның енгізілуі, бақылау-посттарының орнатылуы әсер етті. Мысалы, егер қалада күн сайын 750 мыңға жуық көлік бірлігі жүрсе, онда локдаун кезінде бұл көрсеткіш 5 есеге қысқарды. Өсімге қарамастан, біз жол-көлік оқиғаларындағы өлім-жітімді 7,9%-ға төмендете алдық», деді Қанат Таймерденов.

Бөлісу:
Алматыда қылмыс азайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар