Жаңалықтар
1 мин оқу 227

Түркия үкіметі судьяларды отставкаға жіберді

13 02 - Turkiya otstavkaТүркия үкіметі әртүрлі дәрежеде қызмет жасап келген 166 судьяны отставкаға жіберді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады. Мұндай шешім былтырғы желтоқсан айында Реджеп Тайип Эрдоганның министрлер кабинетінде орын алған жанжалға байланысты қабылданды. Анкара, Ыстамбұл мен Измир қалаларында жоғарғы лауазымда отырған судьялар мен прокурорлар отставкаға жіберілді. Түркияның «Хурриет» газеті жазғандай, сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп танылған тағы 6 мыңға жуық полиция офицері қызметінен босатылады. Қаңтар айының соңында күштік құрылымдарға өзгертулер енгізу нәтижесінде 800-ден аса тәртіп сақшысы жұмыстан босатылып және басқа қызметке ауыстырылды. Сондай-ақ Түркия үкіметі елдің 16 провинциясындағы полиция басшыларын қызметтерінен босатты. Айдар Өрісбаев. Дереккөз: Itar-tass.com. Фото: Rus.ruvr.ru.
Бөлісу:
Түркия үкіметі судьяларды отставкаға жіберді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар