Аймақтар
1 мин оқу 640

Таразда жол апатынан жүргізуші қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Тараз-Сарыкемер&raquo; тас жолында автокөліктердің соқтығысуы салдарынан &laquo;Жигули&raquo; жүргізушісі қайтыс болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жол апаты 15 қазан күні таңертең, жергілікті маңызы бар автожолдың 6 шақырымында орын алды.

27 жастағы Audi (B4) маркалы автокөлігінің жүргізушісі Сарыкемер ауылынан Таразға бет алған. Ер адам қарсы қозғалыс жолағына шығып, 21 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруымен «ВАЗ-2104» маркалы автокөлігімен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ – 2104» маркалы автокөлігінің жүргізушісі апат орнында көз жұмды, 6 адам түрлі жарақатпен Сарыкемер аудандық ауруханасына жатқызылды», деп хабарлады Жамбыл облысы ПД.

Тергеу шаралары жүргізіліп, бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды.

Бөлісу: