Қазақстанда ревакцинация қалай өтеді?
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде ревакцинация қалай ұйымдастырылатынын түсіндірді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
«Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының халқын иммундау жөніндегі консультациялық комиссиямен бірге халықты қайта вакциналаудың тәсілдерін пысықтады. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау шарасының толық курсын өткеннен соң, 6-9 айдан кейін қосымша дозасын егу ұсынылады. Оның өзінде векторлы вакцина алған тұлғаларға 9 айдан кейін инактивті вакцина егу, инактивті (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in – ред.) вакцина алған тұлғаларға 6 айдан кейін векторлы екпе салу көзделіп отыр.
«МРНК-вакцина» (Pfizer – ред.) алған тұлғаларға 6 айдан кейін инактивті немесе векторлы екпе салынады. Сондай-ақ, бірізді екпе түрін салу арқылы қайта вакциналануға жол беріледі», деді Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.