Қазақстан
1 мин оқу 580

Қорғаныс министрі әскери қауіпсіздік мәселелерін пысықтады

<p style="text-align: justify;">Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Мұрат Бектановтың басшылығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің әскери қауіпсіздік мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссиясының жоспарлы отырысы өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Отырысқа Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының өкілдері, Қарулы Күштердің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Жиын қатысушылары әскери басқаруды орталықтандыру, басқарудың автоматтандырылған жүйелерін ашу, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери-ғылыми әлеуеті мен ғылыми-эксперименттік базасын дамыту үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндамалар жасады.

Отырыс барысында Қарулы Күштерде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалануды ақпараттандыру және оның ауқымын кеңейту, сондай-ақ әскери ғылымды дамыту және ғылыми-эксперименттік базаны жетілдіру мәселелері талқыланды.

Әскери кадрларды даярлау, мемлекеттің әскери қауіпсіздігіне соңғы кездегі қауіп-қатерлер мен сын-тегеуріндерді бағалаудың жаңа әдістерін енгізу, ТМД елдері мен алыс шетелдердің ғылыми-білім беру мекемелерімен байланыс ауқымын кеңейту мәселелері сараланды.

Әскери қауіпсіздік ауқымындағы зерттеулер әскери саланың барлық негізгі бағыттарында дамып келеді. Бұған көптеген жас  ғалымдардың, ғылыми-зерттеу топтары мен ұжымдардың шетелдік ғалымдармен халықаралық ынтымақтастыққа жемісті жұмысқа қызығушылығын арттыруға  ықпал етіп, бұл шетелдік орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттарындағы материалдар мен ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Қорғаныс министрі әскери қауіпсіздік мәселелерін пысықтады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар