Ауа райы
1 мин оқу 281

16 қазанға арналған ауа райы болжамы

<p style="text-align: justify;">Қазгидромет сиоптиктері 16 қазан күні ел аумағында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ауқымды антициклон республиканың басым бөлігіне әсерін тигізеді. Сондықтан жауын-шашын жаумайды. Дегенмен еліміздің батыс және солтүстік-батысында циклонға байланысты жаңбыр жауады.

Қазақстанның солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Алматы облысының Алакөл ауданында жел күшейеді, екпіні 22-27, кей кезде 30 м/с асады. Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман түседі.

Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік және оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батыс және солтүстігінде тұман болады.

Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түседі.

Бөлісу:
16 қазанға арналған ауа райы болжамы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар