Спорт
1 мин оқу 390
Қазақстандық самбошылар жастар арасындағы әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алды
<p style="text-align: justify;">Кеше Грекияның Салоники қаласында самбодан жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бүгін Грекияның Салоники қаласында самбодан жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды.
Бәсекенің алғашқы күні Қазақстан құрамасының қоржынына қос жүлде түсті. Әуелі 53 келіде сынға түскен Алдияр Қарағұлов қола жүлдегер атанса, 58 келіде жарыс жолына шыққан Аман Бақытжан қарсылас шақ келмей, алтын медаль жеңіп алды.
Әлемнің 30-дан астам мемлекетінен спортшы келген бәсеке 17 қазанда мәресіне жетеді.
Бөлісу: