Хоккей
1 мин оқу 295

ҚХЛ: «Барыс» «Куньлунь Ред Стардан» басым түсті

<p style="text-align: justify;">&laquo;Барыс&raquo; бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Қытайдың &laquo;Куньлунь Ред Стар&raquo; (Бейжің) командасымен өткізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Екі команда биылғы турнирді сәтсіз өткізіп келеді. Қазір «Барыс» 17 ойыннан кейін 14 ұпаймен турнир кестесінде 18-орында келеді.

Ал «Куньлунь Ред Стар» 11 ұпаймен 23-орында тұрған еді. Сондықтан ойын барысында командалар шайба соғудың жолын іздеді. Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ.

Екінші кезеңнің 21-минутында Никита Михайлис қарсыластар қақпасынан саңылау тапты. Осылайша қазақстандық клуб алға шықты. Үшінші кезең аса тартысты өтті. Командалар негізінен шабуыл шебінде бой көрсетті.

Қытайлық командадан 58-минутта Тайлер Вонг таразы басын теңестіріп, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Буллитен «Барыс» басым түсті.

Екі команда бүгінге дейін 16 мәрте шеберлік байқасты. Оның 11-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында қытайлық клубтың мерейі үстем болды.

Енді «Барыс» алдағы ойынын 17 қазанда Ресейдің СКА (Санкт-Петербург) командасымен өткізеді.

Бөлісу:
ҚХЛ: «Барыс» «Куньлунь Ред Стардан» басым түсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар