ШҚО-да карантиндік шектеулер 30 қазанға дейін ұзартылды
<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қ.А. Тұрдиевтің жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Құжатта жазылғандай, өңір бойынша карантин 30 қазанға дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.
Бүгінде CОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі – 19,5%. Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 0,971.
Осы ретте, ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықты карантин талаптары мен республикалық, облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің қаулыларындағы барлық шектеулерді сақтауға шақырады.