Оқиға
1 мин оқу 410
Балқаш көлі маңында ұшақ құлады
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Балқаш көлінің оңтүстік жағалауында чартерлік ұшақ аударылып қалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
«17 қазан күні сағат 11:15-те Cessna 182 чартерлік әуе кемесінің командирінен ұшақтың төңкеріліп кеткені туралы хабар келіп түсті. Әуе кемесінде 2 адам болған. Бірі экипаж мүшесі, екіншісі жолаушы. Зардап шеккендер жоқ», деді министрліктің баспасөз хатшысы Мадияр Уақпаев.
Оның айтуынша, ұшақ апаты Алматы облысының аумағында Балқаш көлінің оңтүстік жағалауында болған.
Бөлісу: