Теннис
1 мин оқу 244

Елена Рыбакина жұптық рейтингіде бірден 47 саты жоғары көтерілді

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жекелей рейтингіде 16-дан 17-орынға сырғыды. Юлия Путинцева да 43-тен 44-ке жайғасты. Есесіне Зарина Дияс 108-ден 104-орынға көтеріліп, үздік жүздікке жақындап келеді.

Өткен аптада жұптық сында ресейлік Вероника Кудерметовамен бірге Индиан-Уэллс турнирінің финалына дейін жеткен Елена Рыбакина бірден 47 саты жоғарылап, қазір 48-орында тұр. Анна Данилина да 84-тен 81-ге көтерілді.

Бөлісу:
Елена Рыбакина жұптық рейтингіде бірден 47 саты жоғары көтерілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар