Өнер
1 мин оқу 744

Майра Мұхамедқызы шымкенттіктерді тәнті етті

<p style="text-align: justify;">16-17 қазан күндері Шымкент қалалық опера және балет театры сахнасында &laquo;Достық әуендері&raquo; атты концерт өтті. Екі күнге жоспарланған іс-шарада ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызы және халықаралық байқаулардың лауреаты, Ресей Федерациясы Мәскеу қаласынан келген Екатерина Головлева өзінің ерекше даусымен көпшілікті тәнті етті, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Сонымен қатар АҚШ-тың Сан-Франциско қаласынан пианист әрі дирижер, әлемдегі үлкен сахналарда танымал болған Теміржан Ержанов концертте пианинамен сүйемелдеп, халықтың қошеметіне бөленді. Т.Ержанов – Шуман атындағы Халықаралық конкурстың алтын жүлдегері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, концертмейстер.  

в               

Концертте қазақ халқының аяулы қызы, әлемдік Опера сахнасының жарық жұлдызы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Майра Мұхамедқызы да ән салып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

вв

Айта кетсек, екі күнге жалғасқан іс-шарада туындылары тарих беттерінен өшпейтін, әйгілі әлем композиторлары Сергей Рахманинов және Петр Чайковскийдің шығармалары орындалды.

в

Бөлісу:
Майра Мұхамедқызы шымкенттіктерді тәнті етті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар