Аймақтар
1 мин оқу 490

Оралда тұрғын үй өртенді

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Оралда 6 пәтерлік тұрғын үй өртеніп кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 17 қазан күні сағат 19.10-да Өте Мусин көшесі №3-мекенжайында болған. 

Өрттің аумағы 250 шаршы метрді құрады. «Тілсіз жау» ТЖ департаментінің күшімен (26 қызметкер, 11 техника) сағат 21.30-да оқшауланып, 22.46-да сөндірілді.

Сондай-ақ бұдан бір күн бұрын, 16 қазан күні сағат 20.30-да Бәйтерек ауданы Асан ауылы Мирный көшесі 24-мекенжайда екі қабатты тұрғын үйге жапсарлас орналасқан гараж бен монша, ас үй мен жуыну бөлмесі жанды.

Жалпы ауданы – 140 шаршы метр. Өрт сағат 21.28-де оқшауланып, 21.48-де сөндірілді. Екі оқиғадан да зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі кезде өрттердің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде.

Бөлісу:
Оралда тұрғын үй өртенді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар